Күшіміз бірлікте!

«…. тәуелсіз Қазақстанның жастары еліміздің ең басты байлығымыз, Отанымыздың болашағы - сіздер!»  Н.А. Назарбаев

Қазақстан Республикасының жас азаматтарының жағымды өмір салтын сүруін қалыптастырып, насихаттау мақсатымен және балалардың идеяларын қолдап, дамыту мақсатында Качир №3 ЖОМ аудандық балалар ұйымының «Күшіміз бірлікте!» атты форум өтті. Аталған форумға ауданның 17 мектебі қатысты. 

Песчан №1 ЖОМ командасы да аталмыш шараға белсенді қатысты. Песчан №1 ЖО мектебінің командасы 7 адамнан тұрады - Аксенова Наталья, Каирова Жансая, Абилова Камила, Раменская Анна, Власова Ирина, Тюлевканова Асель, Балгабаева Айнура.

Песчан №1 ЖОМ «Жас Ұлан» командасы жүлделі 3 орынға ие болды. Сонымен қатар, аудандық «Жас Ұлан» балалар ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін Аксенова Наталья және Овцынов Павел марапатталды. Аудандық балалар ұйымының жұмысына жеке үлес қосқаны үшін аға тәлімгер Жукова Ирина Михайловна марапатталды.

Песчан №1 ЖОМ командасы аудандық Оқушылар үйіне аталмыш форумды ұйымдастырып өткізгені үшін алғысын білдіреді.   

                                            Песчан №1 ЖОМ аға тәлімгері Жукова Ирина Михайловна